Астанада шенеунікке 260 мың теңгеге жуық айыппұл салынды

22 Қараша, 10:10 299

Астана қаласы Байқоңыр ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқан. Атап айтқанда кәсіпкерге қатысты заңсыз салық актісін шығарып, шот-фактураларды жазуға шектеу қойып, оның қызметін тоқтатуға мәжбүрлеген.

Нәтижесінде сот құқық бұзушыға 258 440 теңге көлемінде айыппұл салды.

Жалпы, биыл кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін 26 мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: