Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Шалкөлде көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты 9-14 шілде күндері Шарбақты көшесінен Бакен Серікбаев көшесіне дейінгі учаске толығымен жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.