Астанада Сарыарқа даңғылынан бастап К.Күмісбеков көшесіне дейінгі учаскеде С.Сейфуллин көшесінің жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 20 қыркүйек пен 2 қазан аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады.
Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы автокөлік құралдарының қозғалысы бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылатынын атап өтті.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды, уақытша қолайсыздықтар үшін түсіністікпен қарауды сұраймыз,-делінген басқарма мәліметінде.