Астанада Сарыарқа мен Бөгенбай батыр даңғылдарының қиылысы жабылады

28 Маусым, 22:49 634

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сарыарқа даңғылы мен Бөгенбай батыр даңғылының қиылысында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жөндеу жұмысына байланысты, осы жылдың 28-30 маусым аралығында жоғарыда аталған қиылыс ішінара жабылады.

Қала әкімдігі елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажеттігін қаперге салып отыр. 

Зарина Арман
Бөлісу: