Астанада салынып жатқан мектеп өртенді

15 Маусым, 17:45 358

Елордалық құтқарушылар мектепте шыққан өртті жойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Астанада Есіл ауданының жаңадан салынып жатқан мектептерінің бірінде қаптама өртенген.

Шақыру түскен сәттен бастап 20 минут ішінде өрт 40 шаршы метр алаңда толықтай жойылды.

Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: