Астанада Республика даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылды

31 Шілде 2023, 18:38 621

Астанада Республика даңғылындағы жол төсемін орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жөндеу жұмысына байланысты осы жылдың 30 шілдесінен 20 тамызына дейін Республика даңғылының Ж.Тәшенов көшесінен А.Иманов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

EL.KZ
Бөлісу: