Елорданың 25 жылдығына орай 8 және 9 желтоқсан күндері Астанада «Сұлу Сырдан ару Астанаға» атты мәдени күндері өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Сонымен жоспарланған іс-шаралар бағдарламасы аясында 8 желтоқсан күні сағат 19:00-де «Жастар» театрының сахнасында Қызылорда қаласынан келген әртістер Ш.Айтматовтың «Жәмила» спектаклін қояды.
9 желтоқсан күні сағат 16:30-да Бейбітшілік және келісім сарайында «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» атты қойылым өтеді. Ал сағат 17:00-де Қызылорда облысының өнер майталмандарының гала-концерті басталады.