Астанада қыздың пәтеріне қонаққа келген ер адам үйін тонап кетті

3 Қаңтар, 16:49 1687

Астана қаласында қыздың үйіне қонаққа келген ер адам алтындарын қолды қылған, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Полицияға 45 жастағы Астана тұрғыны хабарласып, пәтерінен жалпы құны 230 мың теңгені құрайтын алтын бұйымдарының ұрланғанын мәлімдеді. Ол ұрлық жасаған қызының 33 жастағы досы болуы мүмкін деп болжады.

Анықталғандай, күдікті қыздың сеніміне кіріп, ата-анасы жоқ кезде ол пәтерге келуді ұйғарған. Сөйтіп кездесулердің бірінде ер адам сүйіктісінің ұйықтап қалғанын пайдаланып, қораптағы әшекей бұйымдарды ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы аудандық полиция қызметкерлері ұрлық жасаған күдіктіні анықтады.

Ер адам ұрланған заттарды ломбардқа тапсырып жіберген. Қазір бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: