Астанада қыз баланы ұрып-соғу: отбасымен психологтар жұмыс істейтін болады

14 Тамыз 2023, 22:10 1546

Еліміздің Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева Астанада кішкентай қыз баланы ұрып-соғуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Уәкілдің сөзіне қарағанда, 17 жастағы қыз ағасының үйіне қонаққа келген. Таңертең оған баланы балабақшаға апарып келуді тапсырған. Кішкентай қыз балабақшаға барғысы келмей жылайды, содан бойжеткен немере сіңлісіне қол көтерген.

Бұл факті бойынша бойжеткенге ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалып, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жіберілді. Іс бойынша Астана қаласының әкімдігімен байланыстамын. Сондай-ақ баланың әжесімен де байланыстамын. «Құқық» ҚҚ бүкіл отбасын психологиялық сүйемелдеуге алады (алғашқы қабылдау осы сәрсенбі күні өтеді), - деді Зәкиева.

Бұған дейін осы жайтқа қатысты ҚР ІІМ түсініктеме берген болатын

Берік Арманов
Бөлісу: