Астанада қыстың алғашқы күнінде 50 жол апаты болды

1 Желтоқсан 2023, 11:29 853

Елордалық полицейлер жүргізушілерді жолда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, 1 желтоқсан күні таңертең 50 жол-көлік апаты болған.

Ауа райының қолайсыздығы мен қар жаууына байланысты жүргізушілерді сақ болуға, белгіленген жылдамдықты сақтауға және тежегішті бірден баспауға шақырамыз, - делінген мәліметте.

Жүргішілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де абай болғаны жөн. Жол ережесін бұзу қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: