Астанада құтқарушылар көпқабатты үйдің құлағалы тұрған сырқы жабынын төмен түсірді

11 Ақпан, 14:51 1287

Елордалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары көп қабатты тұрғын үйдің сыртқы жабыны құлайын деп тұрғаны туралы хабарлама бойынша оқыс жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Құтқарушылар келгеннен кейін тұрғын үй кешенінің 12 және 13-қабаты арасындағы сыртқы қаптамасының керомагнитінің құлау мүмкіндігі бар екені анықталды.

Құтқарушылар кешеннің үстіңгі қабатынан альпинисттік арқан арқылы түсіп, керомагнитті бөлшектеу жұмыстарын жүргізген.

Тұрғын үй кешеннің МИБ қызметкерлері құтқарушыларға көрсетілген көмегі үшін алғыс білдірді.

Жансая Әділбек
Бөлісу: