Астанада құрылысы жүріп жатқан көпқабатты ғимараттағы өрт сөндірілді

Кеше, 16:05 197

Астанада төтеншеліктер салынып жатқан көпқабатты ғимараттағы өртті сөндірді. Оқиға Нұра ауданындағы Қазыбек би көшесі бойында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қызыл жалын 70 шаршы метр аумақты алған. Нақтыланған мәліметтер бойынша жаңа ғимараттың бірінші қабатында құрылыс материалдары мен жылытқыш жанған. Зардап шеккендер жоқ. 

Министрлік азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. 

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: