Астанада құрылысшының үстіне кірпіш құлап қаза тапты

25 Шілде, 16:55 639

Астанада құрылыс алаңында жұмысшының үстіне кірпіш құлап, қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елордалық Полиция департаменті жоғарыдан құлаған кірпіш жұмысшының өліміне себепші болғандығын растады.

Қайғылы оқиға 19 шілдеде болған. Астанада полиция құрылыс нысанында жұмысшының қаза болу дерегі бойынша абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған, құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр, - делінген елордалық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарламасында.

Бұған дейін Ақмола облысында бір жастағы бала 4-қабаттан құлап кеткенін хабарлаған едік.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: