Астанада құқықтық журналистика бойынша оқыту курстары өз мәресіне жетті

10 Желтоқсан 2022, 14:10 1099

Оқыту курстары құқық салалық журналистикасын дамытуға бағытталған

Құқықтық журналистика курсы қатысушыларына сертификаттар табысталды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің телеграм каналына сілтеме жасап.

Бүгін M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti-нде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен өткізілген құқықтық журналистика бойынша оқыту курстарына қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Іс-шараға M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti-нің басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Мұхамеджан, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері қатысты.

Оқыту курстары құқық салалық журналистикасын дамытуға, БАҚ-та жарияланатын материалдардың сапасын арттыруға, спецификалық терминологияны дұрыс түсіндіруге бағытталған.

EL.KZ
Бөлісу: