Қорғалжын тас жолы жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылынан Ш. Айтматов көшесіне дейінгі учаскеде Қорғалжын тасжолына орташа жөндеу жүргізеді.
24 сәуір мен 15 мамыр аралығында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет, – делінген хабарламада.