Астанада қоғамдық көлікке 10 мыңнан астам виртуалды тариф шығарылды

27 Қыркүйек, 18:32 394

Астанада 26 тамыздан бастап қоғамдық көліктерде мектеп және жеңілдігі бар санаттағы азаматтар виртуалды тарифпен валидация жасай алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Виртуалды тариф рәсімдеу толығымен онлайн жасалады, орталық кассаға барудың қажеті жоқ. Рәсімдеу тегін. Валидация «Avtobys» қосымшасымен QR кодты сканерлеу, Bluetooth немесе көлік кодын енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Тарифті рәсімдеу үшін:

1. Смартфонға «Аvtobys» қосымшасын орнату;
2. Жеңілдік алушының телефон нөмірімен қосымшаға тіркелу;
3. Тranscard.kz сайтының «Электрондық өтінімдер» бөлімінде өтініш беру. Деректерді толтыру және құжаттарды тіркеу қажет.
Өтінім 1-3 жұмыс күні ішінде өңделеді (поштаға хабарлама келеді). Кейін виртуалды тариф «Avtobys» қосымшасына қосылады және оны пайдалануға болады. Виртуалды тарифтің мерзімі жоқ.

Маңызды:
1. Тарифті қолдану үшін интернет қажет, ал теңгерім керек емес.
2. Қауіпсіздік мақсатында виртуалды тариф пайдаланушының құрылғысына байланыстырылады. Құрылғы немесе телефон нөмірі өзгерген жағдайда Р.Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайында орналасқан CTS Орталық кассасына жүгінуге болады.
Сонымен қатар, мектеп оқушылары мен жеңілдікті азаматтар пластикалық көлік карталарын пайдалануды жалғастыра алады. Мектеп/жеңілдік көлік картасын екі жолмен рәсімдеуге болады:
- Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы Орталық кассадан;
- Transcard.kz сайтында онлайн тапсырыс беру арқылы. Бұл ретте дайын көлік картасын Орталық кассаның ресепшнінен талон алмай, кезек бойынша алуға болады.

Мектеп көлік картасын алу үшін:
- оқу орнынан анықтама қажет (мектеп, колледж);
- туу туралы куәлік (ЖСН бар) немесе жеке куәлік;
- 3х4 бір фото.

Кассаға жүгінген жағдайда қосымша ата-анасының бірінің жеке куәлігі.
Мектеп көлік картасын алғашқы алу құны 1000 тг. Қайта шығару – 2000 теңге.
Кассаның жұмыс кестесі: дүйсенбі – сенбі күндері сағ. 09:00-ден 17:45-ге дейін, үзіліссіз. Жексенбі – демалыс.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: