Астанада қоғам мен билік арасында диалог орнатуға қатысты жоба таныстырылды

26 Маусым, 20:49 553

Бүгін «Қоғам мен билік арасындағы диалог – жақсы өмір сүру сапасы» жобасының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың басшылары, сондай-ақ сарапшылар қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Гүлбара Сұлтанова қоғамдық бақылау мәдениетін қалыптастырудың маңызын атап өтіп, қарастырылып отырған мәселелер қоғамдық мүддеге сай болуға тиіс екенін тілге тиек етті.

Жоба жетекшісі, «Зубр» консалтинг орталығының директоры Виталий Кулик жоба мемлекеттік бағдарламаларға мониторинг жүргізуге және бағалауға, сондай-ақ бақылау құралы ретінде қоғамдық сараптама әдістемесін әзірлеуге бағытталғанын айтты.

Зарина Арман
Бөлісу: