Астанада «Қазтелепорт» АҚ-ның жаңа деректерді өңдеу орталығы ашылды

8 Қазан, 01:25 402

Астана қаласында «Қазтелепорт» АҚ жаңа деректерді өңдеу орталығының (ДӨО) салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жаңадан ашылған «Ерейментау» дата-орталығы Uptime Institute-тың Tier III Facility деңгейі бойынша сертификатталған. Бұл – компанияның республикалық дата-орталықтар жүйесіне енген сегізінші орталығы.

ДӨО Астананың орталығындағы бөлек ғимаратта орналасқан және 100 сервер бағанына лайықталған. Барлық машина залының аумағы – 366 шаршы метр, ал бағандағы қуаттылығы 7-ден 14 кВт-қа дейін. Бұл инфрақұрылымдық алаң компаниялар мен мемлекеттің ІТ-жобаларының дамуына жаңа мүмкіндік ашып отыр.

«Ерейментау» ДӨО ашылуы – біздің компаниямыздың ғана емес, нарыққа қатысушылардың барлығының да дамуының жаңа кезеңі. Бір жағынан, біз құжаттаманы жобалау сатысында да, дайын құрылыс пен инженерлік жүйелерді пайдалануға беру кезінде де, бірден екі ДӨО тәуелсіз Халықаралық сертификаттаудан өткен алғашқы қазақстандық оператор болдық. Екінші жағынан – нарық қатысушыларында халықаралық Tier III сенімділік стандартына толық сай келетін жаңа инфрақұрылым алаңшасы пайда болды. Еліміздегі цифрландырудың жоғары деңгейін ескерсек, біздің орталық сияқты деректерді  өңдеу орталықтарының іске қосылуы ІТ-қауымдастығы үшін жақсы жаңалық екеніне сенімдімін. Мәліметтердің сақталуына және сервистердің қолжетімділігіне деген сенімділік кез келген бизнестің басым бағыты болған және бола береді, – деп атап өтті «Қазтелепорт» АҚ басқарма төрағасы Куат Кусаинбеков .

«Ерейментау» ДӨО Tier III Design және Tier III Facility сенімділік деңгейі бойынша Uptime Institute тәуелсіз беделді ұйымының сертификатын алды. Бұл дәреже ДӨО, құрылғылар және клиент-компаниялар мәліметтері қолжетімділігінің жоғары деңгейін білдіреді – 99,982 пайыздан төмен емес. Мұндай дәрежелі сертификаттың болуы ДӨО жұмысының өнімділігі мен тұрақтылығы барлық халықаралық стандарттарға сай келеді дегенді білдіреді және ДӨО құрылғыларына пайдалы жүктемесін азайтпай-ақ қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

«ДӨО сертификаттау – ұзақ, ауқымды және кейде қиын өтетін процесс. Біз бүкіл жобаны қарастырамыз, барлық ақпаратты жинаймыз, құжаттарды тексереміз. Құрылыстан кейін сол жерге барып, аудит жүргіземіз, оның барысында ДӨО толық жүктеме кезінде және штаттан тыс жағдайларда қалай жұмыс істейтінін тексереміз. Дата-орталықтың түрлі жағдайда үздіксіз жұмыс істей алатынына көз жеткізуі маңызды. Біз осындай барлық процедурадан өткен соң ғана сертификат бере аламыз. «Ерейментау» ДӨО мен «Казтелепорт» командасы барлық тексеруден сәтті өтті, – дейді Uptime Institute бизнесті дамыту бойынша директоры Константин Королев.

Жаңа дата-орталық үздіксіз электр желісімен, күзетпен, 24/7 режиміндегі тұрақты техникалық қолдаумен жабдықтарлған, сонымен қатар:

серверге тәулік бойы қол жеткізу мүмкіндігі;

ДӨО-ғы ғимаратында  жұмыс істеуге арналған жабдықталған кеңселер;

құрылғылар мен құрал-саймандарды сақтау орындары;

жүк тиеу-түсіру жұмыстарына арналған қолайлы инфрақұрылым;

ДӨО аумағында жабдықтарды дайындау, тестілеу және жөндеу жұмыстарына арналған  арнайы бөлмелер.

«Ерейментау» орталығының толық қызметіне ДӨО-да құрылғылар мен ақпараттық жүйелерді орналастыруға қажет сервистің толық спектрі, сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік пен бұлтты сервис қызметтері кіреді. Қосымша мәліметті компанияның сайтынан алуға болады.

Қазіргі таңда «Қазтелепорт» АҚ – Қазақстандағы Uptime Institute-тың ең көп сертификатын (4) алған алғашқы және еліміздегі өз желісінде сертификатталған 2 ДӨО бар жалғыз компания. Осындай сертификация және сенімділік деңгейі бар «Сайрам» алғашқы дата-орталығы 2022 жылы Алматыда ашылды. Компания деректер орталығының қызметтеріне, деректерді қорғауға және бұлтты есептеу қуаттылығына сұраныстың өсуіне сәйкес өзінің ДӨО желісін біртіндеп кеңейтуді жоспарлап отыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: