Астанада «Қазспецэкспорт» басшысы сот шешімімен екі айға қамалды

12 Қараша 2023, 17:49 733

Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікке ілінген «Қазспецэкспорт» басшысы А.Рамазановқа қатысты екі ай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әзірге ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге дерек жарияланбайды.

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша Қаржы мониторингі агенттігі Бас әскери прокуратураның үйлестіруімен «Қазспецэкспорт» РМК лауазымды адамдары мен олардың қарамағындағы заңды тұлғалардың басшыларын ұстаған болатын.

Енді олар мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау шеңберінде бағаны көтеру жолымен әскери және әскери-техникалық мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) сатып алу кезінде шамамен 1 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілініп отыр. 

Аталған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. 

Асқар Таудай
Бөлісу: