Астанада Қазақстанның VI Паралимпиада ойындары басталады

15 Мамыр 2023, 08:20 1260

Астанада ҚР VI Паралимпиада ойындарының жарыстары басталады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының мәліметінше, аламан үш түрлі спорт түрінен өтеді.

15-18 мамыр аралығы – оқ ату жарысы

19-22 мамыр аралығы – парапауэрлифтинг

20-22 мамыр аралығында – паратаеквондо.

Қазақстан Республикасының VI Жазғы Паралимпиада ойындары 11-30 мамыр аралығында Алматы, Астана және Ақтөбе қалаларында спорттың 10 түрі бойынша өткізіледі. Жарысқа еліміздің 20 өңірінен 1000-нан астам спортшы қатысады.

Берік Арманов
Бөлісу: