Елордада 18 мамыр күні Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жоспарланған концерт ұйымдастырушылық себептерге байланысты өтпейтін болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Хит жұлдыздар ән кеші» концертіне Sadraddin, Adam, Qanay, Baller, Тұрар Ыдырыс, Жігер Ауыпбаев қатысуы керек еді.
Жеке ұйымдастырушының ұйымдастырушылық мәселелеріне байланысты іс-шара өтпейтін болды.
Ұйымдастырушылар билет сатып алғандардың қаражаты толықтай қайтарылатынын мәлім етті.