25 наурыз күні сағат 18:00-де Михаил Зыгарь және тарихшы, саясаттанушы Сұлтан Акимбековтың «Қазақстан трансформациялар тоғысында» атты қоғамдық лекциясы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі SöZ Astana Public Talk-ке сілтеме жасап.
Михаил Зыгарь - жазушы, режиссер, саяси журналист, әскери тілші және «Дождь» телеарнасының экс-бас редакторы.
Кездесуде спикерлер қоғамдық құрылымды өзгерту тәсілдері туралы өз көзқарастарымен бөліседі, сондай-ақ аудиторияның сұрақтарына жауап береді.