Астанада Қазақстан әйелдерінің форумы басталды

6 Наурыз, 13:29 833

Астанада президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның 25 жылдығына арналған Қазақстан әйелдерінің форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Әйелдер форумына Қазақстанның барлық өңірінен 500-ден аса қатысушыны жиналды. Іс-шараның негізгі мақсаты әйелдердің қазіргі қоғамдағы рөлін талқылау, сондай-ақ олардың өзін-өзі дамытуға және елдің саяси өміріне қатысуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ тәжірибе алмасуға бағытталған бастамалар болды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, «Amanat»партиясының хатшысы, Қазақстан Республикасының президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Шолпан Каринова, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов және басқа да түрлі салалардың өкілдері қатысты.

Форум 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған заманауи бейнелеу өнері көрмесінен басталды. Экспозицияға заманауи авторлардың әртүрлі стильдері мен әдістерімен жасалған 25 жұмысы кіреді.

Форум TEDX форматындағы спикерлердің сөз сөйлеуімен жалғасады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: