Астанада қазақ сыныбына баратын балалар саны көбейген – әкім

22 Желтоқсан 2023, 18:20 2915

Елордада балаларын қазақ мектебіне беретін ата-аналар саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.

Журналистердің бірі Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекке «Астана тұрғындарының басым көпшілігі (80%) – қазақтар. Бірақ олардың тең жартысы балаларын орыс мектебіне береді. Сізді әкім ретінде бұл мәселе алаңдата ма?» деп сұрақ қойды.

Жеңіс Қасымбек салынып жатқан мектептердің басым көпшілігі қазақ мектебі екенін айтты.

2-3 жыл бұрын сіз айтқан пайыз төмен болған. Жыл сайын қазақ мектебіне, қазақ сыныбына баратын қазақ балаларының саны көбейіп жатыр. Астанада 80-нен аса жаңа мектеп салынып жатыр. Олардың көбі (70-80%) – қазақ мектебі, - деді ол.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: