Астанада қай құрылыс компаниясына қаржы салмау керек?

29 Тамыз 2023, 18:32 887

Құрылыстың бастапқы сатысындағы үлескерлердің ақшасын қабылдауға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қолданыстағы заңнаманы елемеу арқылы жасалған барлық мәміле (алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты және т.б.) төменде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде жарамсыз болып саналады.

Естеріңізге сала кетейік, үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынады, бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік қарастырылған.

Сұрақтар бойынша Астана қаласы Сарыарқа ауданы Бейбітшілік көшесі, 9 мекенжайында орналасқан Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына хабарласуыңызға болады.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 55-04-28, 55-67-03.

Үлескерлердің қаражатын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың тізімімен мына жерде танысуға болады.

Астанада үлескерлердің қаржысын қабылдайтын құқығы жоқ құрылыс салушылар тізімі

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: