Астанада қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны өртенді

25 Маусым, 17:26 276

ТЖМ қызметкерлері Астанада қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Байқоңыр ауданының аумағында 500 шаршы метр алаңда жиналған құрылыс қоқыстарының жануы орын алды.

Құтқарушылар өртті толығымен жойды. Зардап шеккендер жоқ. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: