Астанада қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған конференция өтті

5 Маусым, 14:34 580

Елордада Қаржылық мониторинг агенттігінің қолдауымен «АФМ online» конференциясы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауқымды іс-шара қаржы пирамидаларын қалай тану, дроптарға қарсы тұру, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және басқа да өзекті мәселелерге арналды.

Мақсат: жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру және блогосферада дұрыс құқықтық ақпараттық цифрлық мәдениетті қалыптастыру.

Онлайн режимдегі пікірталасқа еліміздің 35 жоғары оқу орнынан 20 мыңнан астам студент қатысты.

Кездесуде барысында спикерлер блогерлермен қызықты кейстарымен бөлісті, өз кезегінде олар аудиториясына әрі қарай жеткізетін маңызды ақпарат алды.

Медиа тұлғалар үшін әлеуметтік желілердегі мінез-құлық ережелері және қандай жарнама үшін заңмен жаза қарастырылғаны түсіндірілді.

Панельдік сессиялар барысында белгілі блогерлер, қаржы аналитиктері, қоғам қайраткерлері, депутаттар мен мемлекеттік органдардың өкілдері интернет-гигиена, алаяқтық жобаларды жарнамалағаны үшін жауапкершілік, әлеуметтік желілерде құқыққа қарсы контентті тарату, жастарды құқыққа қарсы қызметке тарту туралы пікір таласты.

Агенттік Төрағасы Дмитрий Малахов өзінің құттықтау сөзінде ҚМА-ның негізгі міндеті – жас ұрпаққа қаржылық сауаттылық негіздерін түсіндіру екенін атап өтті.

2021 жылдан бастап біз қаржы пирамидаларының өмірлік циклін және олардың салымшыларының санын қысқартуға бағытталған арнайы жоба жүргізіп келеміз. Яғни, біз олардың жұмысын бастапқы кезеңінде, халық арасына тарамай тұрып, тоқтату үшін жұмыс істеп жатырмыз, - деді Дмитрий Малахов.

Бүгінгі таңда Агенттік интернетте заңсыз мазмұнды контентті іздеуді және бұғаттауды автоматтандырды. Қазірдің өзінде 10 мыңға жуық сайттар мен қаржы пирамидаларының белгілері бар аккаунттар бұғатталған.

Бұдан басқа, атаулы жұмысты жүргізу үшін әлеуметтік желілер арқылы алаяқтық схемаларға тартылған салымшыларды ерте анықтау жүйесі жолға қойылған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгінгі таңда 126 мың жазылушы алаяқтық схемаларды жарнамалайтын аккаунттардан бас тартты.

Іс-шара барысында ЖОО студенттері үшін әртүрлі алаяқтық схемалардың алдын алуға бағытталған үздік бейнероликке конкурс жарияланды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: