Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы "Жұлдыз" айналымынан бастап көлік айырығына дейінгі учаскесінде Қарқаралы тас жолының төсеміне үстіңгі қабатын салу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қозғалыс көрсетілген учаскеде 4-7 тамыз аралығында ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір жағымен екі бағытта да жүзеге асырылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.