Астанада қарақшылық жасаған шетелдік Испанияда ұсталды

24 Қыркүйек, 09:06 267

Ол сегіз жылдан бері іздеуде жүрген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, Аликанте қаласында Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша елорда аумағында қарақшылық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған Ресей азаматы ұсталды.

2016 жылы ер адам топ құрамында үйге заңсыз кіріп, зорлық-зомбылықпен жалпы сомасы 4 млн теңгеден астам мүлікті иемденген, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда. Оны елге жеткізу мәселесі шешілуде.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: