Астанада Қалқаман көшесінен «Қараөткел» көпіріне дейінгі жол ішінара жабылады

12 Тамыз, 13:20 352

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қалқаман көшесінен «Қараөткел» көпіріне дейінгі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, 12-18 тамыз күндері жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да жүзеге асырылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: