Астанада қала маңына қатынайтын бірқатар автобус тоқтатылды

10 Желтоқсан 2023, 09:05 723

Аязға байланысты Астана маңына қатынайтын 12 автобус рейстен алынды. Бұл туралы «City Transportation Systems» компаниясына мәлімдеді, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

10 желтоқсан күні сағат 05.00-ге өзекті ақпарат. Ауа райының нашарлауынан (температураның төмендеуі) қала маңына қатынайтын № 300, 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317, 327, 328, 329 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Қала маңына қатынайтын басқа бағдарлар линияда, - делінген мәліметте.

Сонымее қатар компания қоғамдық көлік қозғалысы туралы өзгерістерді @cts_kz парақшаларынан біліп отыруға кеңеа береді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: