Астанада қала күніне орай «Асыл Мұра» концерті өтті

4 Шілде, 12:07 564

Астана күнін мерекелеу аясында Ұлттық домбыра күніне орай Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясында дәстүрлі ән орындаушылардың «Асыл Мұра» атты мерекелік концерті өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігінің мәліметінше, арнайы елорда күніне орай ұйымдастырылып отырған бұл концерттің басты мақсаты – қазақ халқының ғасырлар бойы келе жатқан сазы мен сарыны бөлек әндерін орындап, ұмыт болып бара жатқан әуендерді ел жадында қайта жаңғырту.

Мерекелік кеште Рамазан ­Стамғазиев, Айгүл Елшібаева, Елмұра Жаңаберген, Айгүл ­Қосанова, Ардақ Балажанова, Клара Төленбаева, Әлихан Дүйсенбай, Әйгерім Нартүйе, Перизат Тұрарова, Жақсыгелді Маясаров, Нұржан Мейірхан, Алуа Қалымбекова, Зинат ­Қасымова, Өзгеріс Шерікбай, Айдос Оңғарбай, Закирбек Дүйшөнбек (Қырғыстан) қатарлы елге танымал өнерпаздар ән айтып, көрерменнің алқауына бөленді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: