Астанада Қабанбай батыр даңғылы жөндеуге жабылады

10 Маусым, 11:46 291

Астаналық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қабанбай батыр даңғылы мен Хусейн Бен Талал көшесінің қиылысында Қабанбай батыр даңғылын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Елорда әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 маусым күні сағат 22:00-ден 10 маусым сағат 22:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: