Астанада полицейлер жолаушыдан мефедрон тәркіледі

15 Тамыз, 17:28 463

Астанада полицейлер жолаушыдан мефедрон тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері ішінде 33 жастағы жолаушысы BMW автокөлігін тоқтатты. Тінту нәтижесінде оның жанынан ұнтақты заты бар целлофан табылды. Сараптама қорытындысы тәркіленген зат мефедрон синтетикалық есірткісі екенін растады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам өз кінәсін мойындады. Ол Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: