Астанада полицейлер құймақ сататын дүңгіршекке түскен ұрыны құрықтады

5 Маусым, 13:28 613

Елорда полицейлері құймақ сататын дүңгіршекке түскен ұрыны ұстады. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері дүңгіршікке басып кіріп, телефон ұрлады деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғынын анықтаған.

Ер адам таңғы сағат 05.30 шамасында Абылайхан даңғылымен кетіп бара жатып, көшедегі тұрған құймақ сататын дүңгіршекке көзі түседі. Оңай олжа іздеген қаскүнем іс-әрекетін байқап тұрған куәгерлердің жоқтығына көз жеткізіп, ішке кіреді. Ол кассадан ОРРО телефонын алып, ізін суытқан. Кейін ұрланған гаджетті кездейсоқ адамға сатып жіберген, - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, ер адамның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: