Астанада полицей жаттығудан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, алдын ала анықталғандай, күштік жаттығудан кейін залдан шыққан ер адам есінен танып қалған.
Жедел жәрдем бригадасы дереу реанимациялық шараларды жүргізгенімен, оны құтқару мүмкін болмады. Медициналық қорытындыға сәйкес, өлімнің себебі миокард инфаркті болған. Қызметкердің қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлады ведомство.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, марқұм 1983 жылы туған.