Астанада үйрек атқан браконьер ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
5 қаңтар күні Instagram әлеуметтік желісінде астаналық эылу электр орталығы маңындағы су қоймасында болған браконьерлік фактісі туралы бейнежазба тараған болатын.
«Қазіргі таңда бейнежазбада көрсетілген бір адам ұсталды, ол - Астана қаласының тұрғыны. Табиғат қорғау заңнамасын бұзған екінші адамның жеке басы анықталып жатыр. Құқық қорғау органдары екі азаматқа қатысты процессуалдық шешім шығарады» деп хабарлады комитеттен.
Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысында үйрек аулау мерзімі тамыздың соңғы сенбісі мен 30 қараша аралығында жүргізіледі.