Астанада отандық жаңа вагондар таныстырылды

11 Қыркүйек 2023, 17:42 2326

«Нұрлы жол» вокзалының бірінші жолында отандық өндірістегі жолаушыларға арналған жаңа вагондар таныстырылды. Биыл «Жолаушылар тасымалы» АҚ паркі 100 жаңа вагонмен толығады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған парктің бұл жаңа вагондарын қазақстандық «ЗИКСТО» зауыты шығарды. Олар жолаушыларға өте қолайлы әрі қауіпсіз, барлық заман талабына сай жасалды.

Вагондар ауа баптау, бейнебақылау және өрт сөндіру жүйесімен жабдықталған.

Тоңазытқыштар, микротолқынды пештер, ішетін суы бар диспенсерлер және ыстық су титаны бар. Сондай-ақ электр розеткалары да орнатылған. 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мамандарының айтуынша, соңғы он жыл ішінде жолаушылар вагоны паркінің 50 пайызы жаңартылды. Қауіпсіздік, жайлылық және экологиялық талаптарға сай келетін 1200-ден астам заманауи вагон сатып алынған.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: