Астанада өрттің алдын алу үшін қандай іс-шаралар атқарылып жатыр?

28 Қараша 2023, 17:43 698

Қыстың басталуына санаулы күндер қалды. Ал нағыз жылыту кезеңінде тұрғын үй секторларында өрт көбейіп, тұрғындардың көміртегі тотығымен улану қаупі күшейетіні анық. Астана әкімдігінің ресми сайты оқыс оқиғалардың алдын алу үшін қандай іс-шаралар атқарылып жатқаны туралы хабарлайды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖД мәліметінше, Астана қаласында жыл басынан бері 548 өрт тіркелген. Өрттердің басым бөлігі, яғни 222 жағдай тұрғын үй секторында болған. Оның 154-і жеке секторда, 59-ы көпқабатты үйлерде, ал 9 өрт оқиғасы жатақханаларда болған.

Өрт салдарынан болатын оқиғалардың алдын алу мақсатында ТЖД мамандары сақтандыру іс-шараларын ұйымдастырып жатыр. Мамандар рейд кезінде тұрғындарға күнделікті өмірдегі өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіруде.

Бүгінгі күні ТЖД, Полиция департаментінің қызметкерлері, еріктілер жеке тұрғын үй секторын аралау бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бері 66 225 адамды қамтитын 54 668 жеке тұрғын үйлерді аралады. Оның ішіндегі 1 877-сі халықтың әлеуметтік осал тобы тұратын үйлер екені анықталды. Аталған үйлерге жылыту маусымы басталғаннан бері тұншықтырғыш газды анықтау бойынша 295 датчик орнатылды. Бір айта кетерлігі, құтқарушылар осындай рейд кездерінде өз тарапынан өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексереді, тұрғындармен әңгімелесіп, тұрғын үйді өртке қарсы жабдықтаудағы кемшіліктерді анықтайды. Кездескен кемшілктерді жою меншік иелерінің міндеті екенін ұмытпауымыз керек, - дейді төтеншеліктер.

Мамандар жеке тұрғын үй секторында өрттің туындауының негізгі себептері электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану ережелерін бұзу; пешті жылыту кезінде өрт қауіпсіздігі ережелеріне мән бермеу; тұрмыстық электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін және өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтамау екенін айтады.

Сондай-ақ олар жылыту кезеңін қауіпсіз өткізуге мүмкіндік беретін төмендегі ұсыныстарды көпшілік назарына ұсынып отыр.

- түтін құбырларын, түтін мұржаларын және жылыту пештері мен жүйелерінің басқа да элементтерін күйеден тазарту, сондай-ақ жылыту маусымы кезінде оны кемінде үш айда бір рет тазалау қажет;
- электр сымдарына тексеру жүргізу, тозған және уақытша схема бойынша тартылған электр сымдарын ауыстыру жөнінде шаралар қабылдау;
- электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз, жылыту үшін қолдан жасалған стандартты емес электр жылыту құралдарын пайдаланбаңыз;
- пештерді теспеңіз, жанғыш материалдарды, жуылған киім-кешекті жанып жатқан пештің үстіне кептірмеңіз;
- пештегі от алдын 50х70 см көлеміндегі металл табақпен жабдықтау;
- пештің жанатын конструкциялардан өртке қарсы шегінісі кемінде 26 см болуы тиіс;
- түтін мұржасының ішкі қабырғасынан кемінде 50 см қорғалмаған жанғыш еден конструкцияларына дейін, кемінде 38 см қорғалған жанғыш конструкцияларға дейін өртке қарсы қашықтық болуы керек;
- су басқан пештерді қараусыз қалдырмаңыз;
- пештерді жағу үшін жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдануға болмайды.

Жылыту пештерін, электр қондырғыларын орнату және пайдалану кезінде абай болыңыз! Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтаңыз! Есіңізде болсын, өртті сөндіруден гөрі алдын-алу оңай. Өрт болған жағдайда дереу 101 нөміріне қоңырау шалыңыз!

Мадина Асылбекова
Бөлісу: