«Бейбітшілік елшілері» атты семинарға Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиырмадан астам оқушы мен мұғалім жиналды. Шараны NU Жоғары білім беру мектебі университеттің «Әлеуметтік даму қорының» қолдауымен ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Маңғыстау облыстары, сондай-ақ Астана қаласынын келген қатысушылар «Бейбіт мектептерді қолдау және құру мақсатында дауларды шешу» тақырыбы бойынша білім алды.
Мектептерде буллингтің қалай алдын алуға болады? Буллингтің беліглерін қалай анықтауға болады? Семинар қатысушылары осы және басқа да сұрақтарға жауап алып, игерген дүниелерін өз мектептерінде қолдануға әзірлік танытты. Атап айтқанда, өз білім ордаларына оралғаннан кейін мұғалімдер мен оқушылар жанжал кезінде өзін-өзі ұстау қабілетін дамыту, буллингтің алдын алу және онымен күрес жөніндегі ұйымдар ашу, сондай-ақ оқушылар арасында бейбітшілік елшілері қауымдастығын құру сияқты жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
7-8 сынып оқушыларына жанжал кезінде өзін-өзі ұстаудың маңызын талқылайтын сынып сағаттарын өткізуді жоспарлап отырмын, себебі мұндай жағдайларда оқушылар бір-бірін тыңдамай, өздерінікі дұрыс екенін дәлелдеумен болады. Бұл жанжалға қатысушыларға ғана емес, сондай-ақ олардың айналасындағы адамдарға да пайдалы болады деп сенемін. Сонымен қатар оқушылардың өзара қарым-қатынасын жақсарту үшін де түрлі іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отырмын, - деп бөлісті Ақтау қаласынан келген 9-сынып оқушысы Нәзерке Қамалова.
Қатысушыларды өз мектептерінде қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыру мақсатында белсенді түрде әрекет етуге шабыттандырған семинар нәтижелі болды.