Астанада оқушы футбол қақпасының астында қалып көз жұмды

8 Тамыз 2023, 10:01 995

7 тамызда Астанадағы мектеп ауласында 10 жастағы оқушының үстіне футбол қақпасы құлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, алған жарақаттан бала көз жұмды.

Оқи отырыңыз:

Қайғылы оқиға №10 мектептің алаңында болған. Басқармадағылар оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

Астана қаласының Білім басқармасы оқушының ата-анасына қайғырып көңіл айтады, - делінген хабарламада.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: