Астанада оқу жылының басталу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін

24 Маусым, 17:27 975

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына байланысты Астанада оқу жылының басталу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін екені айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың айтуынша, 8-13 қыркүйек аралығында елордада көшпенділер ойындары өтетіндіктен және бұл іс-шараға көптеген елдің өкілдері келетіндіктен, қалада кептеліс меселесі күрделене түседі. Туризм және спорт министрлігінің өкілі бұл мәселені шешудің екі жолын тауып қойғанын айтады.

Штаб отырыстарының бірінде бұл мәселені көтергенбіз, себебі оқу жылы басталғанда кептелістің артатыны онсыз да белгілі. Қазір біз Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Мәселені шешудің екі жолын ұсындық. Біріншісі – спорттық нысандардың барлығы Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарында орналасқандықтан, осы желідегі оқу орындарының бәрін онлайн-форматқа ауыстыру. Онда бір университет пен 4-5 мектеп, балабақша бар. Екіншісі – Астанада оқу жылының басталу мерзімін шегереміз. Қазір бұл қызу талқыланып жатыр, алдағы аптада шешім қабылданады, - деді Жарасбаев.

Вице-министр ойындар барысында шаттл-бастар жүретінін де қоса кетті.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: