Астанада ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес, Нұра ауданының әкімі тағайындалды. Бұл лауазымға 44 жастағы Ришат Тұрдыбеков кірісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол еңбек жолын 2001 жылдан бастап «Автолизинг Қазақстан» ЖШС (Алматы қаласы) компаниясында бастаған. 2005 жылдан бастап Астана қаласының Алматы ауданы әкімі аппаратының тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің, абаттандыру бөлімінің, өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2011 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың наурызына дейін Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары болды. Сондай-ақ, елорданың Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2019 жылдың қыркүйек айынан бастап елорданың Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.
Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек аудан мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндет жүктеді.