Бүгін Астанада үндінің мемлекет қайраткері Махатма Гандидің ескерткіші ашылды, деп хабарлайды El.kz.
Мәдениет және спорт министрлігінің орынбасары Серік Жарасбаев Қазакстан мен Үндістанның дипломатиялық байланыс орнауына 30 жыл толуына орай Нью-Делиде Абай ескерткіші ашылса, бүгін Махатма Гандидің ескерткіші Астанада бой көтергенін айтты.
Үндістанның мәдениет министрі Минакши Лекхи қазақстандық әріптестеріне алғыс білдіріп, бұл ескерткіш екі елдің достығымыздың беріктігін көрсететінін атады.