Астанада насыбай сатқан сауда орындары анықталды

Кеше, 19:10 208

Байқоңыр ауданында насыбай және өзге де шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сату фактілерін анықтау және алдын алу мақсатында кезекті рейд жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігінің мәліметінше, іс-шара барысында А.Пушкин мен Ж.Тархан көшелерінде орналасқан 5 нысан тексеріліп, шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сату бойынша профилактикалық түсіндіру жүргізілді.

Рейд нәтижесінде 2 сату нүктесінде 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 196-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ насыбайдың 1,5 кг-ға жуығы тәркіленді.

Шегілмейтін темекі өнімдерін тұтынуды алдын алу мақсатында Астана қаласы бойынша жұмыс тобы құрылды. Қаланың барлық ауданында бұл бағыттағы рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Айта кетейік, рейдтер Астананың барлық алты ауданында жалғасуда.

Асқар Таудай
Бөлісу: