Астанада наразылыққа шыққан мұнайшылар Жаңаөзенге қайтты

12 Сәуір 2023, 09:10 996

Астанадағы Энергетика министрлігі ғимаратының жанында пикетке шыққан жаңаөзендік мұнайшылар бүгін үйлеріне қайтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы мұнайшылар арнайы видео үндеу жасады. 

Біз дін аманбыз, деніміз сау, балаларымыз түгел. Бұйырса, ауылымызға аттанамыз. Еш уайымдамаңыздар. Барша Маңғыстау мұнайшыларына алғыс білдіреміз! - деп мәлімдеді белсенді азамат.

Айтуларынша, іштерінен 10 адам “ҚазМұнайГазбен” келіссөз жүргізу үшін Астанада қалады.

Кеше Астанаға келген жаңаөзендік мұнайшыларды тәртіп сақшылары ұстаған болатын. Түн ортасынан ауғанда мұнайшылардың бірі өздерін босатып жатқанын мәлімдеп, видео жолдады.

Айта кетейік, сәуірдің 10-ы күні Астанадағы Энергетика министрлігі ғимаратының алдына мұнай кәсіпшілігіне қызмет көрсететін мердігер «Берәлі Маңғыстау» компаниясының 70-ке жуық бұрынғы жұмысшысы жиналды. Ал сейсенбі күні олардың саны екі есеге көбейді.

EL.KZ
Бөлісу: