Астанада мысық құтқарылды

18 Тамыз, 21:39 327

Астанада ғимарат ішінде қысылып қалған мысық құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, бүгін Алматы ауданында мысық қоғамдық тамақтану орны ғимаратының қабырға қаптамасының арт жағында қысылып қалды. Мияулаған дауысты естіген адамдар немқұрайлы қарамай, ТЖМ қызметкерлерінің көмегіне жүгінді.

Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, шанц құралдарының көмегімен жануарды аман-есен босатып, оны оқиға куәгеріне тапсырды.

Зарина Арман
Бөлісу: