Астанада мұнаралы кран машинисі биіктен құлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Машинст алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Ақпаратты Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Аталған факті бойынша Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды, – деп жазылған хабарламада.
Баптың санкциясы алты жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.