Астанада мопед жүргізген 13 жастағы баланы көлік қағып кетті

5 Қараша, 10:45 669

Астанада Мәңгілік Ел даңғылында көлік мопед айдаған 13 жастағы баланы қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 қараша күні Мәңгілік Ел даңғылы мен Алматы көшесінің қиылысында кәмелетке толмаған мопед жүргізуші жол апатына ұшырады.

Оқиға орнына барған полиция жасағы жасөспірім Мәңгілік Ел даңғылымен Керей-Жәнібек хандар көшесіне қарай жүріп келе жатып, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп, жүргізушісі қарсы бағытта маневр жасап жатқан Hyundai көлігімен соқтығысқан.

Кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады полицейлер.

Жедел жәрдем дәрігерлері №2 қалалық көпсалалы балалар ауруханасына 2011 жылы туған ұл баланы жеткізді.

Жәбірленушінің сол жақ жамбас сүйегі сынған. Оны ауруханада арнайы мамандарға қарап, травматология бөліміне жатқызылды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: