Астанада Момышұлы-Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысы уақытша жабылады

19 Маусым, 01:28 536

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Б.Момышұлы-Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысында жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты 18 маусым күні сағат 22:00-ден бастап, 19 маусым сағат 9:00-ге дейін жоғарыда аталған қиылыс толығымен жабылатын болады.

Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды және жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұрайды.

Зарина Арман
Бөлісу: